«Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 268 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 402 Қаулысымен күші жойылды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 246 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5587 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесі «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;»;
мынадай мазмұндағы 2-тармақтың 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«5-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі - ауылшартауарынөндіруші) - ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;»;
2-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақтың 10-1) тармақшасымен толықтырылсын: