«Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 304 бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 195-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12498 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нұсқама нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жарақаттану қаупі бар және апатты жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін өндірістік объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметін және жабдықтардың, механизмдердің пайдаланылуын немесе тұтастай қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы нұсқама нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы нысаны;