Введите номер документа
Прайс-лист

«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 425 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 20 апреля 2022
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 мая 2025

 «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 425 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:

14-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14-3. Аудандары жоқ облыстық маңызы бар қала әкімдігі, қаладағы аудан әкімінің аппараты тиісті аумақ тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарауды, іріктеуді және шешім қабылдауды жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейінгі мерзімде Сараптамалық кеңес құрады және Сараптамалық кеңестің қызметі тәртібін анықтайды.»;

14-5 және 14-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14-5. Тұрғындардың жобалық ұсыныстарын іске асыруға бағытталатын шығыстардың ең төмен көлемі ағымдағы қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде:

1) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттерді және қарыздарды қоспағанда, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудандар үшін 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 5%-ынан төмен;

2) жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді, кредиттерді және қарыздарды қоспағанда, облыстық маңызы бар қала үшін және (немесе) облыстық маңызы бар қаладағы аудан үшін 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша жоспарланатын қала бюджеті шығыстарының жылдық көлемінің 10%-ынан төмен болмауы тиіс.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом