«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 485 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 238 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 606 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ғылым және адами ресурстар департаменті Медициналық білім беру басқармасының біліктілік талаптарында «Білімі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Білімі | Денсаулық сақтау (медицина) (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-профилактикалық іс, педиатрия, мейіргер ісі) немесе бизнес және басқару (экономика, қаржы, менеджмент) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау (биология, химия) немесе биологиялық және сабақтас ғылымдар (биотехнология) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. |
»;
Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының біліктілік талаптарында «Білімі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«