«Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 1367 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 6642 Қаулысы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 21 шілдедегі № 1367 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«29) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
30) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын талдау.».
2. «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: