«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 302-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі - грант) беру тәртібін айқындайды.»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Ғылым» - жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Бизнес» - жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) «Медиа» - жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Волонтерлік - өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: