Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 138 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.06.03. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы
субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу
қағидалары
(2020.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.06.03. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы субъектілерге (бұдан әрі - субъектілер) фармацевтикалық қызметтер құнын төлеу тәртібін айқындайды.
2. Субъектілерге фармацевтикалық қызметтер құнын төлеуді Денсаулық туралы кодекстің 25-бабының 4-тармағына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.06.10. № ҚР ДСМ-24 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.06.03. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: