Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрiнің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 16 бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 28 июня 2016
Статус
Действующийвведен в действие с 23 августа 2016
Дата последнего изменениявторник, 28 июня 2016

«Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрiнің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 16 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12464 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 желтоқсанында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Абоненттік нөмірді көшіру реципиентке қызмет көрсету пунктіне абоненттің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беруі арқылы жүзеге асырылады.

Абоненттің таңдауы бойынша абоненттік нөмірді көшіру күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады.

Кейінге қалдырылған өтінім бойынша абоненттік нөмірді көшіру мүмкіндігі абоненттің өтінімінде көрсетілетін күнге сәйкес жүзеге асырылады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Абоненттік нөмірді көшіру мынадай шарттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) реципиентпен АНОДҚ-ға ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіруге сұраудың дұрыс толтырылуы. Бұл ретте, дұрыс толтыру өтінімге сәйкес сұраудың дұрыс және анық толтырылуын білдіреді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом