Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 184 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 5 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 20 апреля 2024
Дата последнего измененияпятница, 5 апреля 2024

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 184 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін есепке алу объектiлерi деректерiн және мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзу мерзімдерін енгiзу тәртібін анықтайтын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом