«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 499 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 270-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты - 2030 жылғы 24 қазанға дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты - 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты - 3 жыл, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты - 2029 жылғы 30 сәуірге дейін, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты - 5 жыл, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты - 3 жыл»;
реттік нөмірі 273-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын: