Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 331 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 5 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 22 апреля 2024
Дата последнего измененияпятница, 5 апреля 2024

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 331 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 14) тармақшасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларында:

4-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) пилотсыз әуе кемесінің ұшқыш (пилот)-операторы (бұдан әрі - ПӘК) - әуеайлақта тұрған ПӘК-ні басқару жөніндегі функцияларды орындауға жіберілген ПӘК экипажының мүшесі;»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Ұшуды штурмандық қамтамасыз ету іс-шараларының ауқымы мен мазмұны орындалатын міндеттер сипатымен, ұшу ауданындағы навигациялық жағдаймен, әуе кемесінің тактикалық-техникалық деректерімен, ұшқыш, штурман, ПӘК-нің ұшқыш-операторының, ұшуға басшылық жасау тобының және басқару пункті есептобының штурмандық даярлығы деңгейімен, сондай-ақ бөлінген уақытпен айқындалады.

8. Мемлекеттік авиация штурмандық қызметінің негізгі міндеттері:

1) әуе навигациясының жоғары дәлдігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиімді жауынгерлік қолдану;

2) авиациялық бөлімді (бөлімшені) штурмандық даярлау деңгейіне қол жеткізу мен ұстау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру;

3) ұшуды штурмандық қамтамасыз ету іс-шараларын әзірлеу мен іске асыру;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом