Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегi № 503-2348 Қаулысы
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау бағдарларына сараланған тариф мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға - 110 (бір жүз он) теңге;
2) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға - 250 (екі жүз елу) теңге;
3) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға - 110 (бір жүз он) теңге;
4) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қала маңында автомобильмен тасымалдау - бір километр үшін 9 (тоғыз) теңге 50 (елу) тиын;
5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде - 220 (екі жүз жиырма) теңге;