«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 634 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5446 болып тіркелген, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 ж. № 3 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:
1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Осы Ережелерге 18-қосымшаға сәйкес Салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер (бұдан әрі - Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер) салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебінің орны бойынша мемлекеттік кірістер органына «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы арқылы, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация арқылы жіберілген сұрау салуы бойынша электронды түрде осы Ережелерге 18-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі.
Берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді беруге сұрау салуларды есепке алу үшін осы Ережелерге 20-қосымшаға сәйкес салық өтініштерін тіркеу және салық берешегі, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарнасы бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамаларды беру журналы жүргізіледі.