Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 3/570 қаулысымен
бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/391 Қаулысымен күші жойылды
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғаларды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ере желер
1. Мемлекеттік қызметті «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 85 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - аттестация парағы электрондық нысанда ресімделеді, оған комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды және келесі: аттестатталды, қайта аттестаттауға жатады, аттестатталған деген шешімдердің біреуін көрсете отырып, қағазға басып шығарылады.
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына - комиссия қабылдаған шешім «электрондық үкіметтің» веб-порталында электрондық түрде ресімделеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуді бастау үшін көрсетілетін қызметті берушінің өтініші және Стандарттың 9 тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.