Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
6 қосымша
Кернеуі 220 киловольт қосалқы станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
(2025.16.03. берілген өзгерістермен)
1 бөлім. Жалпы ережелер
Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.27.02. № 103-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Кернеуі 220 киловольт кіші станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Материалдар мен бұйымдардың шығын нормалары материалдар мен бұйымдарға дәйекті сұранымдарды құру және ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу негізінде энергетикалық кәсіпорынның техникалық базасын қалыптастыру үшін арналған.
3. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) энергияны беретін ұйым - электрлік немесе жылу энергияларын беруді келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын ұйым;
2) тұтынушы - электрлік және (немесе) жылу энергияларын келісім-шарт негізінде қолданатын жеке немесе заңды тұлға;
3) қосалқы станция - электр энергиясын түрлендіру мен таратуға арналған және трансформатордан немесе энергияның басқа да түрлендіргіштерінен, тарату құрылғыларынан, басқару құрылғылары мен қосымша құрылыстардан тұратын электр қондырғысы.
2 бөлім. Қолданылу саласы
4. Электр желілерін және соның ішінде қосалқы станцияларды пайдалану процесінде жабдықтың сенімді жұмысқа қабілетті жағдайын қамтамасыз ету үшін энергия объектісіне материалдар мен бұйымдардың шығын мөлшерлерін бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.
5. Әдістеме 6/10/35/110/220 киловольт (бұдан әрі - кВ) кернеудегі қосалқы станциялар үшін ұсынады.