«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 28 қазандағы № 318 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:
57-тармақтың оныншы және он бірінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген жекеменшік білім беру ұйымдары осы Қағидаларға сәйкес келетін өтініштер мен құжаттарды ұсынған кезде оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдауды бастау туралы ақпаратты оператордың интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, орындардың санын көрсете отырып, орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі - Жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесі) қалыптастырады және оны оператордың интернет-ресурсында жариялайды.