«Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 228-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:
2-бөлім келесі редакцияда жазылсын:
«2-бөлім. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі
| № р/с | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды | Тауардың атауы* | Әкетуге қатысты кедендік баж мөлшерлемесі | Кедендік бажын қолдану мерзімі |
| Қазақстан Республикасының аумағынан ** | Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдерге*** |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1. | 2709 00 900 9 | Шикі мұнай | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен бекітілген Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) | тұрақты |