Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 шілдедегі № 2/242 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 2/422 Қаулысы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/242 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
«Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
14 тармақ келесі мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырады;
16-2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
16-3) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмысты үйлестіруге қатысады;