Введите номер документа
Прайс-лист

«Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 29 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2025
Дата последнего изменениячетверг, 29 мая 2025

Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысы

 

Заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау тәртібін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманы біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсініктемелер беруге қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 76-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімдері мен өзге де қаулыларының республика аумағында міндетті күші болады және Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 472-бабы бірінші бөлігіне сәйкес бұлжытпай орындалуға жатады. Осыған байланысты қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау ҚПК-нің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға және олардың орындалуына кедергі келтірмеуге тиіс.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі - кассациялық сот) қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор), оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы, ҚПК-нің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген облыстық не оған теңестірілген сот төрағасының ұсынуы не ҚПК-нің 486-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың кассациялық шағымдары бойынша қайта қарайды.

2. ҚПК-нің 485-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген қылмыстық және (немесе) қылмыстық-процестік заңдар дұрыс қолданылмаған жағдайлар заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болып табылады. Негіздердің тізбесі толық болып табылады және кеңінен түсіндіруге жатпайды.

ҚПК-нің 484-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында санамаланған заңды күшіне енген сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом