Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 365 «Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 427 шешімі
Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 365 «Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8308 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша, қосымшасының тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «жұмсаған» сөзі «жұмсалған» сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерінде: