Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 958 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Медициналық куәландыруға сарапшының медициналық куәландыруы кіреді. Тұрақты медициналық тексеруді қажет ететін аурулар болған кезде тиісті мониторингті қамтамасыз ету үшін авиациялық медициналық сарапшы қосымша тексерулер мен ұсынымдар тағайындайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Медициналық куәландыру:
1) бастапқы медициналық сертификатты алу үшін;
2) медициналық сертификаттың мерзімін ұзарту үшін;
3) медициналық сертификатты жаңарту үшін (тоқтатылғаннан кейін) өткізіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Медициналық сертификаттардың түрлері:
1) осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2) тармақшаларына қатысты тұлғаларға «1-кластық медициналық сертификат» беріледі;
2) осы Қағидалардың 9-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына қатысты тұлғаларға «2-кластық медициналық сертификат» беріледі;
3) осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасына қатысты тұлғаларға «3-кластық медициналық сертификат» беріледі;