«Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 214 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 101 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19323 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың қорытындылары;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар).
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады: