«Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23936 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі технологияларды іріктеуді жүзеге асыру, энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу және аукциондық сауда - саттық өткізу үшін елді мекендер тобын айқындау үшін уәкілетті органның шешімімен тізбені қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, ол төрағадан және оның мүшелерінен тұрады.
Комиссияның құрамы оның жалпы мүшелер санының кемінде 30 пайызы мөлшерінде тәуелсіз сарапшылардың өкілдерін міндетті түрде енгізу ескеріле отырып қалыптастырылады.
Комиссияның құрамын уәкілетті орган айқындайды.
Комиссия құру туралы шешім уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссия құрылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендерін айқындау туралы шешім қабылдайды. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.