ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2022 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«
| Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрліктерінің аппарат басшыларын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары | министрлер | министрлер | Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы |
»;
мына:
«
| Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысы | Ішкі істер министрі | | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
| Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы | Қорғаныс министрі | | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»;
мына:
«
| Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы, Қару-жарақ бастығы | Қорғаныс министрі | Қорғаныс министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
»;
мына:
«