2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
(Астана қ., 2024 жыл 28 қараша)
ҚР 2026 жылғы 9 шілдедегі № 344-VIII Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер
ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының Тараптардың аумақтарында уақытша болуы үшін құқықтық базаны жетілдіру мақсатында
2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 18-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-бапта:
а) екінші абзац «ішкі әскерлердің» деген сөздерден кейін «(ұлттық ұланның, полиция әскерінің)» деген сөздермен толықтырылсын;
б) екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Құралымдар қолбасшылығы» - құралымдарға басшылық жасау үшін құрылатын басқару органы;»;
в) үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жіберуші Тарап» - қабылдаушы Тараптың аумағына уақытша жіберілген құралымдар мен олардың жылжымалы мүлкі тиесілі Тарап;»;
г) төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қабылдаушы Тарап» - мақсаты бойынша қойылған міндеттерді орындау немесе бірлескен оқу-жаттығуларға және кенеттен тексеруге қатысу үшін аумағында жіберуші Тараптың Құралымдар қолбасшылығы мен құралымдары өздерінің жылжымалы мүлкімен уақытша орналасатын Тарап;»;
д) бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«транзиттік Тарап» - аумағы арқылы жіберуші Тараптың құралымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ Құралымдар қолбасшылығына тағайындалған жеке құрамды транзиттеу жүзеге асырылатын Тарап;»;
е) алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;
ж) жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: