«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 3 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Магистральдық құбыржолдар және (немесе) каналдар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф осы параграфтың 1-бөліміне сәйкес тарифті есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі және судың 1 текше метрі үшін теңгемен өлшенеді.
Егер суды каналдар арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде көрсетілетін қызметтер бірнеше облыстың аумағында ұсынылған жағдайда, тариф және тарифтік смета суды каналдар арқылы беру тәсіліне қарай тұтынушылардың топтары бойынша саралауды қолдана отырып тұтастай алғанда көрсетілетін қызметке есептеледі.
Егер суды магистральдық құбыржолдар арқылы беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде магистральдық құбыржолдар жүйесінде тарифтер жекелеген учаскелерге бекітілген болса және көрсетілетін қызметтер екі және одан астам облыстың аумағында ұсынылса, бірыңғай тариф және тарифтік смета тұтастай бүкіл жүйеге есептеледі.»;
61-тармақ алып тасталсын;
254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«254. Магистральдық құбыржолдар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мыналарды:
1) тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейін;
2) тұтыну көлемін;
3) инфляцияға әсер етуін;
4) өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің даму деңгейін ескере отырып, тұтынушылардың топтары бойынша сараланады.»;
256-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«256. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін тариф мынадай формула бойынша есептеледі:

мұнда: