«Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 122 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесінде:
3, 4 және 6-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрі үшін Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу(Сөнім) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

мұнда:
Сөнім - өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрінің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы;
m - өндірілетін (импортталатын) өнім (тауарлар) массасы (тоннамен);
CАЕК - бір айлық есептік көрсеткіштің сомасы;
k - осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын коэффициент.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: