«Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 364 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 124 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бірлескен бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) 2-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
3) 3-қосымшаға сәйкес туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
4) 4-қосымшаға сәйкес гидке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
5) 5-қосымшаға сәйкес экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
6) 6-қосымшаға сәйкес туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;