«Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 343 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 118 (28596) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі - ҚБТ) іске асыру мынадай түрлер бойынша жүзеге асырылады: теледидарлық технология, желілік технология және кейс-технология.»;
5-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ақпараттық-білім беру ресурсы (бұдан әрі - АБР) - білім беру сипатында қалыптастырылған ой мен білім, әртүрлі деректер, оларды жинақтау, сақтау және ақпараттар көзі мен тұтынушылар арасындағы алмасу әдістері мен құралдары;»;
мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) электронды басылым - бағдарламалық басқару құралы және құжаттамасы бар және кез келген ақпаратты электрондық тасымалдағышта орналастырылған немесе компьютерлік желіде жарияланған цифрлық, мәтіндік, графикалық, аудио, бейне және басқа да ақпараттар жиынтығы.
Электронды оқу басылымы (бұдан әрі - ЭОБ) - оқытуды автоматтандыруға және білімді бақылауға арналған және оқу курсына немесе оның жекелеген бөліктеріне сәйкес келетін, сондай-ақ оқыту траекториясын таңдауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмысымен қамтамасыз ететін электронды басылым;