«Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына (бұдан әрі -Қағидалар) сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің объектілеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, балаларға арналған қосымша білім беру салаларындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерге қолданылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар - қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, тәрбиеленушілер мен оқушыларды, персоналды және келушілерді тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: