Осы редакция 2019 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 620 бұйрығына
3-қосымша
«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процессінде көрсетілетін қызметті берушінің (жұмысшылардың)
құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекет ету тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін өтініштің немесе Көмiрсутегi шикiзатын, сондай-ақ көмір мен уранды қоспағанда жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген Тарату қорын пайдалануға шешім беру» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес электрондық сұраудың болуы табылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11606 тіркелген).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің әр процедурасының (әрекеттің) мазмұны, оны атқару ұзақтығы:
1) қызметберуші кеңсесі жұмысшысымен бір сағат ішінде өтінішті тіркеу нөмірі және күні беру арқылы қабылдауы;
2) қызметберушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысымен өтінішті өңдеу және порталға бір сағат ішінде жіберу (өтініш қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда);