«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 231 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 68-1), 68-2), 68-3), 68-4), 68-5), 68-6) және 68-7) тармақшалармен толықтырсын:
«68-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
68-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;