Введите номер документа
Прайс-лист

«Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына 1-қосымша) (2019.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 21 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 апреля 2020

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.10.01. № 2 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 21 сәуірдегі

№ 347 бұйрығына

1-қосымша

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген кезде:

мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 20 (жиырма) минут.

Құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом