Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен күші жойылды
«Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019.02.05. № 28/қе бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі