Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 190 бұйрығы
(2025.01.01. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.06.11. № 372 бұйрығымен күші жойылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында:
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тексеру одағы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - басқарма) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
8. Басқарма тексеру одағы өтінім берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді. Шарттарға сәйкес болған жағдайда субсидиялар төлеу туралы, ал сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.