«Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмалар хаттамасының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1, 2 және 3-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарындағы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті (Е.Б. Қалмақов):
1) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;
2) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына енгізуді бастасын;
3) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары:
1) осы бұйрықты аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, меншік нысанына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;