Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 22/3-VII шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/10-VIII шешімімен күші жойылды
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI «Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
2) әлеуметтік қолдау түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары айқындалсын:
1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары:
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;