Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.22.05 № 369 БҰЙРЫҒ...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 22 мая 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 22 мая 2015

Осы редакция 2016 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2015 жылғы 22 мамырдағы

№ 369 бұйрығына 1-қосымша

 

 

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын қараңыз

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Қызметті көрсету нысаны - электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) оның қосымшасын қайта рәсімдеу немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау

 

4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11229 тіркелген) «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 9-тармағына сәйкес құжаттарды қосымша ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтініші немесе электрондық сұрауы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастау үшін негіздеме болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами