«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 23 маусымдағы № 253 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы қойылған инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінімді береді, өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар «PDF (Portable Document Format)» форматында (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса беріледі.
Бұл ретте, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.