Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығымен күші жойылды
«Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және
Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018.30.05. № 44/қе бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019.02.05. № 28/қе бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.