Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1386 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурс ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет- ресурсы айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: