«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және иригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының м.а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 68-НҚ бұйрығы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 217-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының м. а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшадағы 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалануды реттеу мен қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Түркістан облысында және Шымкент қаласында бөлімдері бар.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшадағы 1 - тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: