Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 мамырдағы № 6/2-VII шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/24-VII «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8690 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8144 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қаланың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 72 278 033,0мың теңге:
салықтық түсімдер - 36 834 354,4 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 253 051,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 928 047,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 21 262 579,9 мың теңге;
2) шығындар - 63 257 608,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 376,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 4 376,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 275 500,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 275 500,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер -0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 8 740 548,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 8 740 548,4 мың теңге;