«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 29/қе бұйрығы
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 83-бабының екінші бөлігіне және «Қазақстан Республикасының құқықтық актілері туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9842 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында сотталғандарды ұстаудың ішкі тәртіптемесі мен тәртібінің қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: