Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мәселелері бойынша және кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 32 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 4158 тiркелген) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықта:
9-тармақта:
1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешегі, бағалы қағаздар түріндегі ұйымның заемшыға қоятын талаптары;
2) ұйымның балансынан есептен шығарылған ұйымның заемшыға қоятын талаптары;»;
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
«2-3) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер түріндегі ұйымның заемшыға қоятын талаптары;».