Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/4 «Теміртау қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 17 қазандағы № 21/4 шешімі
Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/4 «Теміртау қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190851 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 38 917 458 мың теңге,оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша - 35 651 174 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 130 311 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 340 801 мың тенге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 2 795 172 мың теңге;
2) шығындар - 40 365 744 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 428 132 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 450 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 868 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 876 418 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру - 1 876 418 мың теңге.
қарыздар түсімдері - 460 470 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 415 948 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2024 жылға арналған қалалық бюджет шығындары құрамында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 915 058 мың теңге көзделсін, оның ішінде:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге - 49 520 мың теңге;