«Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2019 жылғы 15 наурыздағы № 114 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 7547 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2012 жылғы № 8 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітлген жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) бірінші (өңірлік) кезең - 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін;
2) екінші (іріктеу) кезең - 2 турда өткізіледі:
1 тур (қашықтық) - 15 қарашаға дейін;
2 тур (шығармашылық) - қашықтық турды өткізу күні;
3) үшінші (республикалық) кезең - 30 қарашаға дейін.
Екінші (шығармашылық) турға қатысушылар 45 минут ішінде 1 беттен аспайтын көлемде эссені олардың оқу тілінде жазады.
Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде мынадай төрт пән бойынша тапсырмаларды оқу тілінде орындайды: математика, физика, химия және биология.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: