Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 641-VI Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына және Сенат Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Палатаның отырысын Сенат Төрағасы шақырады.»;
2) 9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Палатаның шешімі бойынша заң жобасының бастамашысы уәкілеттік берген лауазымды адам негізгі және ілеспе заң жобалары бойынша бір баяндамамен сөз сөйлей алады.»;
3) 10-тармақтың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Отырыстар өткізіліп жатқан уақытта отырыс залында ұялы телефондарды, радиотелефондарды және басқа да байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.»;
4) 15-тармақта:
бірінші бөлік «Басшысының» деген сөзден кейін «, Құрметті Сенатордың» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «оның өтініші бойынша» деген сөздер «, Құрметті Сенаторға олардың өтініші бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республика Президентіне және Құрметті Сенаторға қатысты Палатаның мұндай шешімдер қабылдауға құқылы емес.»;
6) 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Сенаттың отырыстарына стенограмма жасалады және олардың бейнежазбасы жүргізіледі. Стенограммаға Сенаттың отырысына төрағалық етуші қол қояды. Сенаттың ашық отырыстарының стенограммалары Сенаттың интернет-ресурсында орналастырылады. Парламенттің және Сенат отырыстарының стенограммаларын Сенат депутатының талап етуі бойынша Сенат Аппараты береді.»;
7) мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Сенаттың ашық отырыстары Сенаттың интернет-ресурсында онлайн режимде трансляцияланады.»;
8) 27-тармақтың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: