«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 242 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 19, 105-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«
| Мамандықтар топтарының кодтары мен атаулары | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
| 5 ұлттық ЖОО-да | Назарбаев Университетінде | Қазақ-Британ техникалық университетінде | Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде | Қаржы академиясында |
| 2019 жылғы 4 айға | 2020 жылғы 8 айға | 2019 жылғы 4 айға | 2020 жылғы 8 айға | 2019 жылғы 4 айға | 2020 жылғы 8 айға | 2019 жылғы 4 айға | 2020 жылғы 8 айға | 2019 жылғы 4 айға | 2020 жылғы 8 айға |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 5В010000 - Білім | 8295 | 211,9 | 423,9 | | | | | | | | |