«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 95 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы 505 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: